03 Мамыр 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа имени Ш.Уалиханова" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Директор өмірбаяны

Түйешіұлы Бекжан, 1982 жылы 19 желтоқсанда Шымкент облысы, Созақ ауданы,Жартытөбе совхозы, Аққолтық ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Уәлиханов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1999 жылы аталған мектептің 11 сыныбын бітірген.
- 2000 жылы Шымкент қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, сыртқы бөлімінде, қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы тәмәмдаған.
Еңбек жолын – 2002 жылдың қазан айынан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде тәлімгер болып бастаған.
2005 жылы– қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2012 жылы – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2014 жылы –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2016 жылы – Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің балалардың құқығын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық маманы.
2019 жылы 14 қыркүйектен бастап Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің директор қызметін атқарып келеді.
Қызмет жасаған жылдарында мектепішілік, аудандық және облыстық марапаттармен марапатталған.
-2013 жылы Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің алғыс хатымен
-2016 жылы “ZHANA TALAP” спорттық туристік агенттігінің алғыс хатымен
-2017 жылы Оңтүстік Қазақстан Облысы Білім Басқармасының алғыс хатымен
-2018 жылы Қазақ Психологиялық Қоғамының алғыс хатымен
-2019 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің алғыс хатымен
-2019 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мадақтамасымен
-2019 жылы Түркістан облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен
-2019 жылы Түркістан облысы Созақ ауданының алғыс хатымен
-2022 жылы аудандық мәслихатының алғыс хатымен
-2022 жылы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар